Skip to content

Алматы: Мешіт жұмысын жетілдіру бойынша мәжіліс өтті

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Медеу және Жетісу аудандарындағы мешіт қызметін жетілдіруге арналған арнайы жұмыс мәжілісін өткізді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы өкілдік жоспарына сәйкес, қаладағы мешіт жұмысын үйлестіру, жоспарлы шараларды жүйелі жүзеге асыру және жергілікті дін қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Алматының сегіз ауданында жеке-жеке жиындар өткізу көзделген болатын.

Осыған орай, Медеу ауданындағы «Арафат» мешітінде және Жетісу ауданындағы «Әл-Мадина» мешітінде өткен жиындарға Алматы Орталық мешітінің найб имамдары, аудан имамдары мен дін қызметкерлері, ұстаздар қатысты.

Мәжіліс барысында бас имам «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Медеу ауданы бойынша іске асырылып жатқан бағыттарға – «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» жұмыстарына тоқталып, олардың орындалу тетіктерін кеңінен баяндап берді.

Сондай-ақ, Орталық мешіттің бағыттарға жауапты найб имамдары діни қызметті жетілдіруге қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында аудан мешіттерінің имамдары да пікір білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Қала имамы дін қызметкерлерін белсенділік танытып, аталған іс-шараларды сапалы әрі жүйелі жүзеге асыруға шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *