Skip to content

Алматы: «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы басталды

Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ бастамасымен «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы салтанатты түрде ашылды.

Игі шараға қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, жазғы демалыс уақытында діни білім алуға ниеттенген балаларға сәттілік тіледі. Орталық мешіт ұстаздары балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дәріс кестелерімен таныстырды.

Ұл балаларға Орталық мешіт ұстаздары, ал қыздарға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұстаздары мен іс-тәжірибеден өтуші студенттері білім береді. Діни сауат ашу курсында имандылық әліппесі, Құран әліппесі, Мұсылманның 40 парызы бойынша дәрістер өткізіліп, рухани азық болар сабақтар мен ойын-сауық уақыттары да қарастырылған.

Балаларға тәтті балмұздақтар таратылып, пайдалы ілім алуларына дұға жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *