
Абай ауданы Ақжайық мешітінде “Имани жаз 2025” діни сауат ашу курс шәкірттері Құранға түсуіне байланысты тәж кию іс шарасы өтті. Іс шара 5 жастағы Сафия қызымыздың Духа сүресін оқуымен басталып, 83 жастағы Құран оқуды үйренген Элизаветта апайымыздың батасымен басталды. Өткен сабақтардан сұрақ жауаптар қойылып, сыйлықтар табысталды және Құран жайлы бейнеролик көрсетіліп, шәкірттер иляһи әндерімен көрермендерді сусындады. Іс шараға Кадырова Жамал ұстаз бен Нұғманқызы Майра ұстаз қонақ болып келіп, шәкірттерге тәж кигізді. Іс шара соңында шәкірттер мен ата аналарына дастархан жайылып қонақтар жоғары көңіл күйде қайтты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі