Skip to content

Ақтөбе: Мешіт жастары арасында боулинг турнирі өтті

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесін қорытындылау мақсатында қала мешіттерінің жастары арасында боулингтен ашық турнир өтті. Игі шараға 100-ге жуық жас қатысты.

Турнирге «Құранға қызмет», «Аңсар», «Ихсан» орталықтары мен Ақтөбе жайдарман жастары белсене қатысып, жарыс жоғары деңгейде тартысты әрі қызықты өтті.

Шараға Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев пен қала мешіттерінің имамдары арнайы қатысып, қатысушыларға жүрекжарды лебізін білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады және бағалы сыйлықтар табыстады.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-орын – «Досжан хазірет» мешіті (70 000 теңге);

2-орын – «Бақытжан» мешіті (50 000 теңге);

3-орынды – «Сүлеймен ата» мешіті (30 000 теңге) иеленді.

Қатысушылар осындай тағылымды іс-шара ұйымдастырғаны үшін облыстық өкілдікке ризашылығын білдірді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастар арасында осындай игі жобалар жалғасын табатынын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *