
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Ақтөбе облысы өкілдігінің қолдауымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 850-ші баспана Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында табысталды.
Игі шара аясында аудандық мешіт жанашырының демеушілігімен 3 бөлмелі пәтер мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған Гүлжан Туксубаеваға берілді.
Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков жұма уағызында «Шариғаттағы бес аманат» тақырыбында насихат айтып, пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.