
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспарына сәйкес ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты аудан, ауыл мешіттерінің «С» санатындағы имамдары білім жетілдіру онлайн курсын аяқтап, қорытынды емтихан тапсырды.
Аталған курс имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру, діни білімін тереңдету және қазіргі қоғамдағы діни қызметкерлердің рөлін күшейту мақсатында ұйымдастырылды.
Қорытынды емтиханды облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Аймырза Досбол, «Әл-Латиф» мешітінің бас имамы Қасымов Қанат және қалалық орталық мешіттің наиб имамы Құлмағанбетұлы Ералы қабылдады.
Емтихан нәтижесінде 32 имамның 25-і «С» санатына лайық деп танылып, арнайы сертификатқа ие болды. Ал 7 имамға курсты аяқтағаны үшін алғыс хат табысталды.
Сертификат пен алғыс хатты Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев салтанатты түрде табыстап, имамдарға сәттілік тілеп, алдағы қызметтеріне рухани табыс пен береке-бірлік тіледі.