Skip to content

Ақмола облысында «Qamqor–Sharapat» орталығының семинары өтті

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы «Бөгенбай батыр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Qamqor–Sharapat» орталығы ұйымдастырған семинар өтті.

Шараға орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы, сондай-ақ облысқа қарасты елдімекендердегі мешіт имамдары қатысты.

Семинарда Қуаныш Жұмабайұлы ҚМДБ-ның жаназа-жерлеу рәсімдері мен құдайы астарда ысырапқа жол бермеу, қабірлерді жөнсіз безендірмеу бағытындағы жүйелі насихат жұмыстары туралы баяндап, Қосшы қаласы мен елордаға іргелес ауылдарға жауапты маман болып Омар Нәбиұлының тағайындалғанын хабарлады.

Орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлы салттық қызмет көрсету саласындағы жұмыстардың шариғат пен ұлттық дәстүрге негізделіп, жерлеу рәсімдерінде бірыңғай мәдениет қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, зираттарды орталықтандыру және цифрландыру бағытында мемлекеттік мекемелермен бірлескен іс-шаралар қолға алынғанын айтты.

Семинар өңір имамдары мен қоғам белсенділерінің осы бағыттағы ынтымақтастығын арттыруға серпін берді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *