Skip to content

Әйел-қыздар жамағаты арасында рухани басқосу өтті

Шымкент қаласындағы Сейітжан қари мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында Қадір түніне орай рухани басқосу өтті. Бұл игі жиында қасиетті Құран Кәрім хатым етіліп, жиналған жамағатқа Қадір түнінің маңызы мен қадір-қасиеті туралы  насихат айтылды.
 
Кездесу барысында Қадір түнінің артықшылықтары баяндалып, Қадір сүресінің тәпсірі түсіндірілді. Бұл түннің мың айдан да қайырлы екені, періштелердің жер бетіне түсіп, Алланың рақымы мен берекесі жауатын ерекше түн екені айтылды. Сондай-ақ жамағатқа бұл қасиетті түнді намаз, дұға, истиғфар, Құран оқу және жүректі тазартумен өткізу керектігі түсіндірілді.