Skip to content

«Адал ас – берекелі өмірдің негізі» атты семинар өтті

«Адал ас – берекелі өмірдің негізі» атты семинар өтті.
Мешітімізде «Адал ас» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды. Кездесу барысында халал және харам еттер мен тағамдар, күмәнді өнімдерден сақтану, таза әрі адал ризықтың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Ұстазымыз адал мен арамның айырмашылығын нақты дәлелдермен баяндап, күнделікті өмірде тұтынатын өнімдерге мұқият болу керектігін атап өтті. Әсіресе қазіргі таңда құрамына күмән бар тағамдар, қоспалар және дайын өнімдер жайлы пайдалы ақпараттар берілді.
Семинар соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар көкейдегі сауалдарына нақты жауап алып, пайдалы мәліметтермен сусындады.
Осындай рухани әрі танымдық жиындар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.