Skip to content

«Әбу Ханифа» медресе-колледжінде 2025–2026 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті

Жаңа оқу жылына дайындық аясында «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде талапкерлерді қабылдау емтиханы ұйымдастырылды. Емтихан екі кезеңнен тұрды: тест сынағы және шығармашылық емтихан.

Шығармашылық емтиханды ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ Кадр даярлау бөлімінің маманы Кожин Жанабай және медресе-колледж директоры Құлмұхамет Маханбет өткізді. Комиссия мүшелері талапкерлердің мамандық ерекшелігін ескере отырып, діни таным деңгейі мен жалпы даярлығын бағалады.

Ал жалпы білім бойынша «Исламтану» мамандығына түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің талаптарына сай ашық әрі әділ түрде өтті. Мамандықтың ерекшелігі назарға алынып, талапкерлердің діни білімге бейімділігі мен болмыс нанымына мән берілді.

Биылғы қабылдауға алпысқа жуық талапкер қатысып, олардың арасынан дайындық деңгейі жоғары үміткерлер сәтті нәтиже көрсетіп, студент атану мүмкіндігіне ие болды. Комиссия төрағасы Нұрбек Есмағанбет талапкерлердің жауапкершілігі мен білімге деген ынтасына оң бағасын берді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *