Skip to content

АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА УАҚЫП ҚОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде Тарауих намазы алдында Уақып сарқылмас қазына тақырыбы бойынша уағыз- насихат ұйымдастырылды.
Игі шараны Шымкент қаласы Абай аудандық мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып жамағатқа Уақып қорының мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп берді. Айта кетейік, жуырда жарық көретін Қазақ Құран кітабы туралы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.
Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі