Skip to content

БАС МҮФТИ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Діни істер жөніндегі комитет төрағасы Содиқ Тошбаев пен Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығының директоры Фирдавс Абдухаликовтың шақыртуымен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Бас мүфтимен бірге ҚМДБ делегациясы да аталған сапарға қатысуда.

Жұмыс сапары аясында ҚМДБ делегациясы Ташкент және Самарқанд қалаларында өтетін «Ислам өркениеті: бейбітшілік, төзімділік және ғылым-білім жолы» тақырыбындағы І Халықаралық Ислам өркениеті форумына қатысады.

Форум аясында ислам өркениетінің бейбітшілік пен ағартушылық қағидаттарын дәріптеу, діни-ағартушылық саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланады.