Skip to content

БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ ШЫМКЕНТТІҢ БАС МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласына іссапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков Шымкент орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағызында «Жетімге қамқорлық таныту» тақырыбында уағыз айтты. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, осы жылды ҚМДБ тарапынан «Ислам және адал қоғам» деп жария етілгендігін айрықша атап, ізгілік пен мейірімділік, отан мен отбасы т.б. асыл құндылықтарға айрықша тоқталды.
Жұма намазы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы Смайыл Сейтбеков ұстазға жамағат атынан алғысын білдірді. Жұма намазын жамағатпен оқып, бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі