
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Шымкент» медресе-колледжінің ғылыми орталығында имамдардың біліктілігін арттыруға арналған «Мәзһабтардың шығу тарихы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып, исламдағы мәзһабтардың қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері жөнінде мазмұнды дәріс оқыды. Танымдық кездесуде қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды.
Іс-шара соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен арнайы келген ұстаз Смайыл Сейтбековке барша қатысушылар атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
