Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде Абайтану іліміне арналған оқу-жаттығу семинары өтті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылады семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов атынан найб имам Ахметжан Керімбек, қалалық Халал Даму мекемесінің басшысы Қазыбек Сарыбаев және аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Уақып қорының жетекші Ералы Есенгелдиев және М.Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкері, жас ғалым, абайтанушы Әзімхан Исабек т.б аудан имамдары қатысты.
Семинар барысында жас ғалым, абайтанушы Әзімхан Исабек Абай Құнанбайұлы мұралары мен соңғы жылдардағы зерттеулер мен ғылыми-танымдық жұмыстарына сәйкес баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Кездесу барысында аудандық Кенесары хан мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров баяндамашыға алғыс айтып ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






