Skip to content

Табиғат аясында рухани басқосу

Шымкент қаласы Сейітжан қари мешітінің бір топ шәкірттері табиғат аясында рухани әрі жан сергітер ерекше басқосуда жиналды. Көктемнің көркем көрінісін тамашалай отырып, Алла Тағаланың шексіз нығметтері жайлы рухани әңгімелер өрбіді.

Дастархан басында ҚМДБ-ның төрт бағыты аясында ихсан тақырыбы қозғалып, ислам мен иманның өзара байланысы, ихсан дәрежесінің артықшылығы және адамның Алла алдындағы мәртебесін көркейтетін ізгі амалдар жайлы насихаттар айтылып, жүректерге рухани әсер сыйлады.

«Иман — жүректегі сенім,

Ислам — сыртқы амал,

ал ихсан — Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету.

Осы үшеуі тоғысқанда ғана пенденің дәрежесі биіктейді» деген тағылымды ой айтылды.

Дәмнен кейін қатысушылардың ой ұшқырлығы мен қимыл шапшаңдығын арттыратын танымдық әрі көңілді ойындар ұйымдастырылып, жиналған жамағат көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.