
Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінде Алматы қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында «Үздік ұстаз – 2026» атты байқау өтті.
Байқаудың ашылу рәсіміне қаланың Бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, ұстаздарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Динара Құтқожақызы мен әділқазылар алқасы қатысушыларға төрелік етті.
Сайыс бес кезең бойынша ұйымдастырылды:
- Таныстыру;
- Дәріс берудегі лайфхактар;
- Шығармашылық кезең;
- Сұрақ-жауап;
- Портфолио қорғау.
Байқау тартысты әрі мазмұнды өтті. Қатысушы ұстаздар өз білімдері мен біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттері мен ұстаздық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Жеңімпаздарды ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Динара Құтқожақызы, «Мырзахмет» мешітінің ұстазы Маржан Ахметова және Алматы қаласы бойынша жауапты маман Гүлмира Ілесбайқызы марапаттады.
Жүлделі орын иелері:
І орын — Қасым Анар Қанатқызы («Бақыткелді» мешіті, Бостандық ауданы);
ІІ орын — Сарбала Айнұр Шәймерденқызы («Әл-Мадина» мешіті, Жетісу ауданы);
ІІІ орын — Әбдеш Айдана («Мұхаммед-Әмин» мешіті, Наурызбай ауданы).
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«Бұл тағылымды шара ұстаздардың тәжірибе алмасуына, кәсіби тұрғыда дамуына және рухани-ағарту жұмыстарының жандануына үлкен үлес қосады деп сенеміз», – деді ұйымдастырушылар.
