Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ШЕЙІТ БОЛҒАН АТА-БАБА РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай рухани шарасы ұйымдастырылды.
Рухани шара аясында ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, ардагер имам Бекайдар Әміре және Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Ербол Қалшабек, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков және т.б азаматтар қатысты.
Игі шараға аясында Хатым Құран оқылып, дұға бағыштады.
Бұл шара қаладағы бес аудан көлемінде ұйымдастырылды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі