Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ БІРЛІК КҮНІНЕ ОРАЙ 30 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Халифа Омар мешіті мен қалалық Зекет қоры 2-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Тайқазан қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі шарада Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін жеткізе отырып, демеушілік көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтылды. Сондай-ақ Халифа Омар мешітінің имамы Жандос Орынбайұлы жағдайы төмен 30 отбасыларға азық- түлік себетін табыс етті. Алла Тағала кәсіпкер азаматтардың кәсібіне табыс, береке берсін деп тілейміз.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі