Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРАН САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жуырда, Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен Құранды жатқа оқудан қыздар арасындағы V республикалық байқаудың толық Құранды жатқа оқудан (30 пара бойынша) 1-орын жүлдегері Мәдина Әбдіманатқызына Шымкент орталық мешітінде сый-құрмет көрсету шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов арнайы қабылдап, сый құрмет көрсетіп, қари қызымыздың ата-анасына алғыс айтып ризалық білдірді.
Осындай тәрбиелі әрі білімді жастар қатары көбейе берсін.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі