Skip to content

Шымкент: «ASYQ ATU FEST» ұлттық ойындары ұйымдастырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Дәстүр және отбасы бағыты аясында дін қызметкерлері арасында «ASYQ ATU FEST» ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

Аталған игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Мұхамеджан Естеміров, Спорт секторының жетекшісі Ербол Қалшабек, сондай-ақ аудан бас имамдары мен ұстаздары қатысты. Жарыс барысында шаһар бас имамы қатысушы командаларға сәттілік тілеп, игі бастамаға қолдау білдірді.

Жалпы жарысқа 6 команда қатысып, ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар бойынша өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан:
І орын – Абай тобы,
ІІ орын – Ақмешіт тобы,
ІІІ орын – Қаратау тобы иеленді.

Ал асық ату сайысында:
І орын – Абай тобы,
ІІ орын – Қаратау тобы,
ІІІ орын – Тұран тобы жеңімпаз атанды.

Игі шара аясында қатысушыларға дін мен дәстүр тақырыбында сыйлықтар табысталып, мазмұнды уағыз-насихат айтылып, берекелі дастархан жайылды.