Skip to content

Діннің қоғам өміріне маңызы

Діннің қоғам өміріне маңызы зор, жалпы тарқата жазып барынша пайдалы жағына бойлайтын болсақ көптеген пайдалы жақтарына көз шаламыз мәселен  рухани моральдық жағы, қоғамды біріктіру және бейбітшілік, мәдениет пен дәстүрдің қалыптасуы, психологиялық қолдау жеке тұлғаға жалпы адамдарға, әлеуметтік тәртіпті реттеуі, қайырымдылық пен көмекке ынталандыруы осының барлығы дерлік, кез келген діннің қоғамға пайдалы тұстары.

Рухани және моральдық бағыт беруі;

Дін адамға жақсылық пен жамандықты ажыратуды, адалдық, әділдік, сабырлылық сияқты құндылықтарды үйретеді. Бұл қоғамда тәртіп пен адамгершілікті қалыптастырады.

Қоғамды біріктіруі;

Ортақ сенім мен құндылықтар адамдарды бір қауымдастыққа біріктіреді. Мысалы, мерекелер, діни рәсімдер адамдар арасындағы байланысты күшейтеді.

Мәдениет пен дәстүрдің негізі;

Көптеген салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дінмен тығыз байланысты. Дін ұлттық мәдениетті сақтауға және дамытуға әсер етеді.

          Психологиялық қолдау беруі;

Қиын жағдайда адамдар діннен жұбаныш, үміт және сенім табады. Бұл адамның ішкі тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.

Әлеуметтік тәртіпті реттеуі;

Дін белгілі бір мінез-құлық нормаларын қалыптастырады (мысалы, өтірік айтпау, ұрлық жасамау). Бұл қоғамдағы тәртіпті нығайтады.

Қайырымдылық пен көмекке ынталандырады;

Көптеген діндерде жақсылық жасау, мұқтаждарға көмектесу маңызды орын алады (садақа, зекет, жылулық т.б.).

Қорытындылай келе қоғамдағы дін — тек сенім жүйесі ғана емес, ол қоғамның рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына әсер ететін маңызды фактор.

Аманкелді Нұрдаулет,

Ақпараттық түсіндіруді үйлестіру

және діни талдау жұмыстарын

ұйымдастырубөлімінің теологы