Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты “Есжанұлы Сейітжан қари мешіті” Діни сауат ашу курсы әйел-қыздар бөлімінің шәкірттеріне мешіт ішінде арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында қатысушыларға мешіттің сәулеттік (архитекторлық) ерекшеліктері мен құрылу тарихы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар шәкірттер мешіттің намаз оқитын негізгі залы, конференция залы, неке қию салоны және мешіт асханасымен танысты.
Аталған мешіттің құрылысы 2014–2024 жылдар аралығында жүргізіліп, толық аяқталған.
Экскурсия соңында шәкірттер алған әсерлерімен бөлісіп, мешіттің рухани әрі мәдени маңызы ерекше екенін атап өтті. Бұл іс-шара қатысушылардың діни танымын арттырып, мешіт қызметімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.














