Skip to content

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

азақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

Жиында оқу ордасының өзекті мәселелері талқыланып, Бас мүфти мен ұстаздар арасында ашық пікір алмасу өтті. Бас мүфти университет ұжымының ағартушылық бағыттағы еңбегіне алғыс айтып, оларға үлкен сенім білдірді.

«Діни басқарманың алдыға қойған мақсаты дінімізді жақсы білетін, Құран тәжуиді дұрыс, жамағаттың сұранысына жауап беретін, ешқандай ағым мен топқа қатысы жоқ маман даярлау. Сонымен қатар мешіттерде қызмет ететін дін қызметкерлерінің көпшілігін жоғары діни білімді маманмен қамтамасыз ету. Нұр-Мүбарак университетінің әлеуеті ондай маман даярлауға толық жетеді», – деді Бас мүфти.

Қазіргі таңда университетте 2964 студент білім алуда. Осыған орай Бас мүфти негізгі мақсат санды арттыру емес, иманды, білімді әрі қоғамға пайдасы тиетін маман даярлау екенін жеткізді.

Кездесу соңында университеттің профессорлық-оқытушы құрамы өз ұсыныстарын білдірді.