
Шымкент қаласы дін қызметкерлерінің кезекті республикалық аттестаттауы өтуде.
Аттестаттау шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, комиссия төрағасы Ермек Мұқатай қатысып, имамдарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ аттестаттаудың дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру мен кәсіби жауапкершілігін арттырудағы маңызына тоқталды.
Комиссия құрамында Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тілеубердиев, сондай-ақ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов бар.
Аттестаттау барысында дін қызметкерлері алдымен компьютерлік тест арқылы ақида, фиқһ, ислам тарихы және қолданыстағы заңнама бойынша білімдерін сынауда. Бұдан кейін сұхбаттасу кезеңінде қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары бойынша сұрақтарға жауап беруде.
