Skip to content

РАМАЗАНДА – 30 КҮНДЕ 30 БАСПАНА! ЕЛ БОЙЫНША ҮЛКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБА СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

2026 жылғы қасиетті Рамазан айында «Зекет және қайырымдылық қоры» ауқымды әлеуметтік жобаны табысты жүзеге асырды. «30 күнде – 30 баспана» бастамасы аясында республика бойынша 30 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды.

Бұл игі істің жүзеге асуына имамдар ұйытқы болып, зекет қоры өкілдері бастама көтеріп, елжанды кәсіпкерлер қолдау білдірді. Нәтижесінде дін қызметкерлері, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көпбалалы аналар мен асыраушысынан айырылған аналар баспаналы болды.

Аталған жоба – «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық бастамасының жалғасы. Бүгінде осы жоба аясында ел бойынша табысталған пәтерлер саны 900-ден асты.

Осы игі іске атсалысқан барша азаматтарға, қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге, ұйымдастырушылар мен жанашыр жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің көмектеріңіздің арқасында жүздеген отбасының үміті оянып, өміріне жаңа серпін берілді.

Бұл – тек баспана емес. Бұл – жаңа өмірге бастау, жаңа үміт, жаңа мүмкіндік.