Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ 70 ҰСТАЗҒА ЗЕКЕТ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Бүгін қасиетті Ораза айт күні Шымкент медресе-колледжін ұстаздарға құрмет шарасы ұйымдастырылды. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, дінтанушы -магистр Мұхамеджан Естеміров т.б имамдар мен ұстаздар қатысты. Шаһар бас имамы кездесу барысында үздік қызмет қылып жүрген 70 ұстазға мереке күні 100 мың теңге көлемінде Зекет үлестірілді. Игі шараға Зекетін жұмсап, қолдау көрсеткен Битеміровтар әулетіне Шымкент медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс айтып, ризалық білдірді. Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі