Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ҚАСИЕТТІ ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы бойынша мешіттерде бір уақытта Ораза айт намазы оқылды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов Шымкент қаласының тұрғындары мен жамағатын айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді. Айт намазы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Намазға келген халық мерекелік көңіл күймен айт намазын атқарды. Айт намазы соңында бабалар рухына Құран хатым дұғасы жасалды. Айт мерекесіне орай мешіттерде дін мен дәстүр бойынша ұлттық ойындар бойынша жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Ораза айт құтты болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі