Skip to content

ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ 80 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешіті мен Зекет қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Рамазан сыйы қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында демеушілік көмек көрсеткен кәсіпкерлерге шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан аудан бас имамы Ербосын Орын алғыс айтып, ризалық білдірілді. Игі шара бұл жолы Рамазан айы Ораза айт мерекесі қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 80 отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен азаматтарға Алланың нұры жаусын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі