Skip to content

ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНЕ АВТОКӨЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Шымкент қалалық орталық мешітінің қарамағындағы жеңіл автокөлікті Қаратау ауданы Байғұт баба мешітінің игілігіне сыйға тартты.
Игі шараға Шымкент қаласының бас Бақдәулет Абдрахманов, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Дәурен Тасқараев т.б имамдар қатысып, көлікті аудан бас имамы Ербол Қалшабек имамға ресми түрде табыстады.
Құтты болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі