Skip to content

«Рамазан береке мен сауап айы» атты Құран хатым жасалынды

Шымкент қаласы Әл — Фараби ауданына қарасты Дәуітұлы Шыңғысбай Қажы мешітінде<<Рамазан береке мен сауап айы>> тақырып  аясында шәкірттер Қасиетті Құран Кәрімді бастан аяқ оқып, Құран Хатым түсірді. Дұға жасалынып барша Қазақ еліне тыныш бейбіт заман болуына,Елбасымыз аман болуына,және барша мұсылман жұртына дұға жасалынды. Хатым соңы Ауызашар таратылып,Қасиетті айда хатым түсірудің айырықша сауабы түсіндірілді. Алла барша Рамазан айында жасалынып жатқан игі істерімізді сауабын еселеп жазғай!