Рамазан басталғалы бері «Тура жол мешіті қасындағы Діни Сауат Ашу Курстарында шәкірт апке-сіңілдерімізге күніге «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабынан пәтуа сағаттары жүргізіліп барды.
Нәтижесінде аяулы да ардақты апке-сіңілдеріміз оразаға байланысты шариғи үкімдермен танысып, соңында «Рамазан — береке мен сауап айы» тақырыбы аясында ораза фиқһынан сайыс өткізілді.
Сайыста шәкірттер оразаға қатысты 200 сұраққа жазбаша түрде жауап жазып, ең көп дұрыс жауап берген шәкірттер 1-2-3 орындар иегерлері атанды.
Берекеліі айдағы берекелі сайысымыз қатысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Осылайша, жақсылықта жарысқан шәкірттерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Алла ілімдеріне береке берсін деп тіледік. Алла баршамыздан қабыл алып, сауабын молынан бергей!




