Skip to content

«Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Шымкент қаласы, Тұран ауданына қарасты Қонаев мешітінде «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараның басты мақсаты – қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін насихаттау. Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылып, оларға рухани қолдау көрсетілді.

Мешіт жамағаты мен жомарт жандардың демеушілігімен өткен бұл қайырымдылық іс-шарасы көпшілікке қуаныш сыйлап, сауапты іске үлес қосуға мүмкіндік берді.

Шара соңында мешіт қызметкерлері барша демеушілер мен қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтып, Алла Тағаладан береке мен мол сауап тіледі.