Skip to content

Сейітжан қари мешітінің шәкірттері жүрекжарды алғыс білдірді

Алғыс күніне орай Сейітжан қари мешітінің шәкірттері жүрекжарды алғыстарын білдіріп, ұстаздар мен мешіт қызметкерлеріне тәтті-дәм ұсынып, құрмет көрсетті.
 
Шара барысында ең әуелі осындай ғұмыр сыйлаған, Ислам мен иман нығметін нәсіп еткен Алла Тағалаға шүкірлік айтылды. Расында, иман – ең ұлы байлық, ал ілім – сол байлықты баянды ететін нұр.
 
Шәкірттер осындай рухани ортада білім алып, тәрбиеленуге мүмкіндік берген қадірлі ұстаздарына шынайы ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, мешіттің тазалығы мен тәртібіне үлес қосып жүрген қызметкерлерге де алғыс білдіріп, олардың еңбегі көзге көрінбесе де, сауабы мол екенін атап өтті.