Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ 9500 ЖАМАҒАТҚА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы аясында және дәстүр және отбасы бағыты бойынша Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың қолдауымен қолға алынды. Шаһардың бас мешіті бастаған 60-тан астам мешітінде ауызашар беру үшін «Рамазан шатыры» арнайы орындары мен асханалар әзірленді. Ауызашар дастарханын берекелі һәм мерекелі ету үшін уағыз айтылып, жамағаттың көкейде жүрген сұрақтарына жауап берілуде. Мұнымен қатар, дін мен дәстүр құндылықтары аясында түрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылды.
Жалпы, қасиетті Рамазан айының бір күнінде 60 мешітінде өткен ауызашар рәсіміне 9500 жамағат қатысты. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі