Skip to content

Қарағанды: «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қарағанды облысына жасаған іссапары аясында облыстық «Әнет баба» мешітінде өткен «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты.

Игі шара барысында қор директоры ауыр дертке шалдыққан Керейбаева Ляззат есімді азаматшаның еміне 2 000 000 теңге көлеміндегі сертификатты табыстап, Алла Тағаладан дертіне шипа тіледі.

Қайырымдылық шарасына арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша Бас имамы Естай Айтуғанұлы сауапты іске үлес қосқан дін жанашырларына алғыс білдіріп, көмек алған жандарға насихат айтып, сабыр мен үміттен айрылмауға шақырды.