Skip to content

«Қош келдің, Рамазан» атты рухани іс-шара өтті

 «Қош келдің, Рамазан» атты рухани іс-шара өтті

Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Мұхаммед Нұр мешітінде кіріп келе жатқан қасиетті Рамазан айына орай «Қош келдің, Рамазан» атты рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жамағатты ұлық айдың қадір-қасиетін ұғынуға шақыру, Рамазан айына рухани дайындық жасау және ізгі амалдарға үндеп, бірлік пен бауырмалдықты нығайту болды.

Іс-шара барысында Рамазан айының артықшылықтары мен оразаның тәрбиелік мәні туралы насихат айтылып, қасиетті айды берекелі өткізу жөнінде тағылымды ойлар ортаға салынды. Сондай-ақ, жамағатқа ауызбіршілік пен сабырлылықтың маңызы түсіндірілді.

Жиын соңында келген қауымға ізгі тілектер айтылып, алдағы Рамазан айының барша мұсылман қауымына мол сауап пен береке әкелуі тілінді.