Skip to content

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы бойынша Дәстүр және отбасы бағыты мен Әжелер мектебінің мүшелерінің ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шараға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Әбдірахманов, найб имам Ахметжан Керімбек, Ербол Қалшабек, Ербосын Орын және салаға жауапты маман Досумбаев Ержігіт, Жастар ісі секторы, қалалық Әжелер мектебінің мүшесі Қалдыгүл Жұмабекқызы бастаған аналар қатысты. Жалпы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дастархан жайылып, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Орталықтың қызметі тұрмыста өздігінен қызмет көрсете алмайтын 122 ер, 103 әйел — барлығы 225 адамдарға қолдау көрсету болып табылады. Сондай-ақ, бір топ өнер адамдары қатысып, ұлттық аспаптардың демеуімен рухты әндер шырқалды.
Шара барысында, бас имамы Бақдаулет қажы, қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты рухани қолдау көрсету екендігін жеткізіп, дендеріне саулық, өмірлеріне береке тілеп дұға етті.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі