Skip to content

ЕҢБЕКШІ АУДАН МЕШІТТЕРІНЕ ҚМДБ БАСПА ӨНІМДЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдаулет қажы Нұрматұлының бастамасымен, Еңбекші ауданына қарасты мешіттерге “Muftiyat” баспасынан шыққан кітаптар табысталды. Түрлі діни саладағы жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы» (1–5 том), «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» сынды кітаптар табысталып, мешіт жамағатының руханиятына ерекше серпін беретіндігі айтылды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі