Skip to content

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАН МЕШІТТЕРІНЕ ҚМДБ БАСПА ӨНІМДЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдаулет қажы Нұрматұлының бастамасымен, Әл-Фараби ауданына қарасты мешіттерге МҮФТИЯТ баспасынан шыққан кітаптар табысталды. Түрлі діни саладағы жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы» (1–5 том), «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» сынды кітаптар табысталып, мешіт жамағатының руханиятына ерекше серпін беретіндігі айтылды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі