Skip to content

Алла Тағаланың 99 көркем есіміне арналған тағылымды іс-шара өтті

Шымкент қаласы Абай ауданындағы Насриддин мешітінде Алла Тағаланың 99 көркем есіміне арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шара барысында жамағат 5 топқа бөлінді:
 
1-топ – Зүл Жәләли уәл Икрам
2-топ – Үміт
3-топ – Ихлас
4-топ – Әл Мужиб
5-топ – Фирдаус
 
Әр топ өздерін таныстырып, топ ұраны, көрнекілігі және жаттаған Алланың көркем есімдері арқылы өзара бақ сынасты. Қатысушылардың мықты дайындықпен келгені байқалып, іс-шара өте қызықты әрі көрнекті деңгейде өтті.
 
Топтар жамағатқа Алланың көркем есімдерінің арабша және қазақша мағынасын, реттік нөмірлерінен бәсекелесті екі топ жамағатқа  сыйлықтар таратып, білімдерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар бір-бірімен танымдық ойындар арқылы жарысты.
 
Іс-шара соңында пайғамбарларды сурет арқылы табуға арналған трендтегі ойын ойнатылып, жамағатқа ерекше әсер сыйлады.