Skip to content

Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне зиярат жасалды

Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне зиярат жасалды
 
Шымкент қаласындағы Исамиддин баба мешіті жанынан құрылған «Әжелер мектебінің» мүшелері Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге зиярат жасады. Сапар барысында зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына Құран хатым дұғасы бағышталды.
 
Музейде ұсынылған тарихи деректер, жәдігерлер мен қысқа метражды деректі фильмдер қатысушыларға терең әсер қалдырып, өткеннің ауыр қасіретін еске салды. Бұл зиярат – құрбандар рухына тағзым ғана емес, тарихты ұмытпауға, әділет пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған тағылымды шара болды.