Skip to content

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП – 2025: «МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАРҚЫНЫ АРТТЫ

2025 жылы «Мұнара» телеарнасының шығармашылық және техникалық әлеуетін күшейту мақсатында 10 маман жұмысқа қабылданып, 1 қазаннан бастап эфирлік саясат толықтай жаңартылды. Нәтижесінде телеарна эфиріндегі алдыңғы бағдарламалардың 50 пайызы заманауи талаптарға сай жаңа контентпен алмастырылды.

Жыл ішінде 330-ға жуық бағдарлама, репортаж, бейнеролик және подкаст түсіріліп, тұрақты және апталық бағдарламалар саны 40-қа жуықтады. Мемлекеттік тапсырыс аясында мазмұндық маңызы жоғары 3 жоба қаржыландырылып, көрерменге ұсынылды.

Телеарнаның цифрлық платформалардағы көрсеткіші де тұрақты өсім көрсетті. Атап айтқанда, Instagram әлеуметтік желісіндегі жазылушылар саны 7 098-ге, TikTok желісінде 6 702-ге, ал YouTube платформасында 39 600 жазылушыға жетті.

2025 жылы эфирге шыққан негізгі жобалар қатарында: «Бабалар сөзі», «Адал жол», «Салиқалы сұхбат», «Иманым – жиғаным», «Сəті түскен сұхбат», «Баталы ел» бағдарламалары бар.

Сондай-ақ студиялық және тұрақты форматтағы жобалар көрерменнің сұранысына сай жүйелі түрде ұсынылды. Атап айтқанда: «Қайырлы таң», «Арнайы репортаж», «Отбасы кодексі», «Бас мешіт баяны», «Күй күмбірі», «Кітап талқы», «Қазақ қызы», «Жетінші түйсік», «Жұма тілек», «Жас жұбайларға насихат», «Жақсы сөз», «Әйел әдебімен», «Енді не істейміз?», «Тарихтан тағылым», «Қала мен дала», «Дала өркениеті», «Білу керек», «Мұнара апталығы», «Ауырмайтын жол» жобалары эфирден тұрақты орын алды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *