
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында балалар «Маңғыстау» сауда үйіндегі ойын-сауық орталығына барып, түрлі қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын бағдарламаларға куә болды. Сонымен қатар, балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, ақ дастархан жайылды.
Мерекелік жиында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің ел өміріндегі маңызына тоқталып, жас ұрпақтың амандығы мен жарқын болашағы үшін дұға жасады.
