Skip to content

МҮФТИЯТ ӨКІЛДЕРІ ӘЛ ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫНА БАРДЫ

Шымкент қаласына арнайы келген ҚМДБ жанындағы Мұнара газетінің бас директоры Ағабек Қонарбайұлы мен Мұнара газетінің бас редакторы Серікбол Хасан мырза қалалық Әл Фараби атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында болды.
Кездесу барысында кітапхана басшысы Анар Жаппарқұлова ханым арнайы күтіп алып, кітапхана жұмысымен таныстырды.
Сондай-ақ кездесу барысында кітапхана қорына Ағабек Қонарбайұлы Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптарын табыс етті.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз