
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласының Орталық мешітінде жұма уағызын айтты.
«Адамзатқа ақ пен қараны ажыратып,қараңғылықтан жарыққа шығаратын негізгі жол – білім. Сондықтан да білім алып, оны өзгелерге үйретін ғұла-ғалымдардың дәрежесі қасиетті Құранда да, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадитерінде де аса ардақталған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мужәдәлә» сүресі, 11-аятында: «Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен ғылым берілгендердің дәрежесін жоғарылатады. Алла сендердің істегендеріңнен хабардар», – деп айтқан»,-деді Бас мүфти.
Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы Алматы Орталық мешітінің жамағатымен бірге дұға жасап, Алла Тағаладан еліміз бен жеріміздің тыныштығын, амандығын тіледі.
