Skip to content

«Мүфтият» баспасының ұйымдастыруымен алғашқы кітап байқауы өтті

Елордамыз Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде ҚМДБ-ға қарасты «Мүфтият» баспасының ұйымдастыруымен ерлер мен қыздар арасында алғашқы кітап байқауы өтті.

Байқауға еңкейген қариядан бастап, жас мектеп оқушыларына дейін қатысты. Бұл қоғамдағы рухани серпілістің, кітап оқуға деген қызығушылықтың бар екенін көрсетті.

Сайыс сұрақтары «Мүфтият »баспасынан жарық көрген «Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба» атты кітап негізінде дайындалды. Бұл еңбекте Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын серіктері – Исламды алғаш қабылдаған сахабалардың өмірі мен өнегесі баяндалады. Сол асыл тұлғалардың тағылымды жолы барша мұсылманға үлгі-өнеге.

Байқаудың басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқитын қоғам қалыптастыру. Өйткені, көбіне күйбең тіршілікпен жүріп, кітапты кейінге қалдырып жатамыз. Ал шын мәнінде, кітап – тілсіз ұстаз, рухани азық көзі.

Қатысушылар өз білімін, зеректігін және жан-жақты қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Байқау мазмұнды әрі тартысты өтті.
Байқау нәтижелері :

Қыздар арасындағы жеңімпаздар:

1-орын: Мансурова Айдана — 50 000 тг
2-орын: Гүлнар Сұлтанғалиева — 30 000 тг
3-орын: Абдимуратова Айгүл — 15 000 тг

Ерлер арасындағы жеңімпаздар:

1-орын: Алдияов Руслан — 50 000 тг
2-орын: Аманқұл Нұрлыбек — 30 000 тг
3-орын: Әділхан Арнұр — 15 000 тг

4–8 орын иегерлері ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да осындай рухани әрі танымдық байқаулар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *