Skip to content

Деструктивті діни ағымдардың жасөспірімдерді ойындар арқылы арбауы: жасырын тәсіл

Қазіргі таңда жүйелік ойындар (сетевые игры) тек көңіл көтеріп, уақыт өткізетін орын емес, сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың белсенді жұмыс жасайтын ортасына айналды. «Жасөспірім жас»-өтпелі кезең ретінде кез-келген баланың өмірінде ерекше көңіл мен бақылауды талап ететін уақыт. Осы уақытта бала өз жолын тауып, өзін танығысы келіп, жаңа орта табуға талпынады. Дегенмен, ол уақытта тұйық, қоғамға ашық болмағандықтан көбіне «онлайн өмірге» қызығушылық танытады. Онлайн әлем жасөспірімдер үшін өзіне дос табу, өзін түсінетін орта табуға араналған қолайлы ортаға айналды. Осыны қолдана отырып деструктивті ағымдар өз жұмыстарын сол ортада белсендіруде. Онлайн ойында өзінің тұлғасын жасыру өте жеңіл, лақап атпен никнейм қою, ойынды ортақ тақырыпқа айналдыру және т.б.

Ал енді осы арбау қалай жүзеге асады?

Ең алдымен өзінің нысанын анықтау және байланыс орнату. Ойындарда өздері бірінші болып байланысқа шығады, «модератор» болып өзінің командасын жинайды. Достық қарым-қатынас орнатып, бірге ойындағы тапсырмаларды орындайды. «Сен-ерекшесің, сенің орның бөлек» деген мақтау сөздерді қолдану арқылы сенімге кіреді. Ерекше көңіл бөліну, белгілі бір ортаға деген байламдылық баланың бойында үлкен сенімді қалыптастырады.

Келесі кезекте жасөспірім сол ортада көп уақыт өткізеді: жабық ортақ чаттар, аудио-бөлмелерде (голосовые-комнаты) осы арқылы ойын өзгертуге бейім болады.

Байланыс орнатылып, толқтай сенімге кіргеннен кейін ойын туралы әңгіме арасына жеке идеологиялары мен ойынды байланыстыру арқылы «шынайы мақсат не?», «арнайы миссия қандай?» деген сұрақтарға келеді. Осылайша терең діни, саяси тақырыптарды қозғайды. Баланың ортасын толықтай бақылауға алып, кіммен араласуға болады, кімде байланысты үзу керек, қалай жүріп-тұру керек бойынша тапсырмалар беріп, жасөспірімді толықтай бақылауға алады. Критикалық ойдан айырылған бала кез-келген сұрақта өзінің жетекшісіне тәуелді болады, кез-келген тапсырманы «арнайы миссия ретінде, Құдайдың бұйрығы» ретінде қабылдапсоны орындауға дайын болады.

Көбіне осында жағдайлар атыс ойындарында, «Roblox» ойын жүйесінде көп орын алған.

Қорытындылай келе жасөспірімге «ойын алаңы» өтпелі кезеңді өткізу үшін, достар тауып, сол уақытта өзін тануға мүмкіндік беретін орта табуға жақсы таңдау болғанымен, қауіпті жағын да ескерген жөн.

Шымкент қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы А.Бердібек

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *