Skip to content

Бас мешіт шәкірттері құранға түсті

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте әйел ұстаздардан дәріс алып жүрген 320 шәкірт қасиетті Құранға түсті. Осыған орай Бас мешітте рухани мазмұнды салтанатты шара ұйымдастырылды.

Шара Құран аяттарын оқумен басталып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Бас мешіттің найб имамдары Жандос имам мен Серік қари шәкірттерге тағылымды насихат айтып, Құран үйренудің сауабы мен білімнің қадір-қасиетін түсіндірді. Сондай-ақ, олар шәкірттерді алған білімін өмірде амалға асырып, дін мен елге пайдалы тұлға болуға үндеді.

Шара соңында Бас мешіттің ұстаздары, Қарлығаш Қажымәлікқызы бастаған әйел ұстаздар шәкірттерін жүрекжарды сөзбен құттықтап, әрқайсына естелік ретінде Құран кітаптарын тарту етті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *