Skip to content

Алматы: 1800 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

Алматы өкілдігінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 9 ай бойы қала бойынша 1800 отбасыға үздіксіз азық-түлік себеттері таратылды. 

Діни басқарманың 35 жылдығы аясында және «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы шеңберінде жүзеге асқан игі іске бір кәсіпкер азамат 9 ай бойы демеушілік жасап келеді. Әр ай сайын көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жандарға және мешіттің техникалық қызметкерлеріне бір айлық толық азық-түлік жиынтығы жеткізілді.

Қайырымдылық шарасына Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, демеуші азамат пен оның отбасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемі мен алғысын жеткізді.

«Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуовтің айтуынша, әр айдың басында 40 келілік азық-түлік себеті 200 отбасыға тізім бойынша үлестіріліп келеді. Жалпы бүгінге дейін 1800 отбасыға 72 тоннаға жуық азық-түлік берілді.

Сонымен қатар, қор тарапынан қала мешіттерінде «Жылулық сыйла» жобасы аясында да көмек көрсету шаралары жалғасуда. Қайырымдылық алған тұрғындар ұйымдастырушылар мен кәсіпкер азаматқа алғыстарын білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *